Список статей
Жарқын болашақ- болашаққа қадам

Жақында Көкшетау қаласында«Жарқын болашақ» КАТЕV мемлекеттік тіл олимпиадасы қазақ,орыс сыныптары арасында  №1  Қазақ- түрік лицейі базасында  өткізіліп, қорытындыланды. Мемлекеттік тіл олимпиадасына 19 аудан, Көкшетау, Степногор қалалары, Астана қаласындағы  дарынды  балаларға арналған орта мектеп,  Көкшетау қаласындағы қазақ – түрік лицейі  мектептерінен  170- тей оқушы 5 номинация бойынша  қатысып, өз өнерлерін сарапқа салды.  Біздің ауданнан 5 номинация бойынша  қазақ, орыс сыныптарынан 8 оқушы қатысты.

«Тілші әдебиетшілер»  аталымы бойынша аудан намысын қорғаған

А. Құсайынов атындағы орта мектептің 10- сынып оқушысы Аманжолова Мадина (Сагатаева Салтанат)  мен Наумов орта мектебінің 11- сынып оқушысы Слепухина Инна  (мұғалімі Тілейхан Катила) Ақмола облысының білім басқармасының  Құрмет Грамотасымен   марапатталып, қуанышқа бөледі.Жоғарыдағы аты аталған ұстаздарға аудандық білім бөлімі атынан алғысымыз шексіз. «Жас  ғалымдар»  аталымы бойынша  Минск орта мектебінің 7- сынып оқушысы   Мәулетхан Ақжолдың «Сақтар» тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы жақсы бағаланды және келесі кезекте қорғауға жолдама алды. (жетекшісі Көкна Бақытгүл).«Сөз шеберлері» номинациясы бойынша қатысқан  Азат орта мектебінің 8- сынып оқушысы Саяхат Аманжан  (мұғалімі  Мұратбек Айнұр), № 2 Ақкөл орта мектебінің 10- сынып оқушысы   Бондаренко Наталья (мұғалімі Шұғыбаева Г. Б.),«Әнші бұлбұлдар» номинациясы бойынша қатысқан № 3 Ақкөл орта мектебінің  9- сынып оқушысы ӘбдікееваӘдемі  (мұғалімі  Жұмағұлова Г. М.) ,  № 2 Ақкөл орта мектебінің 7- сынып оқушысы  Ильчук Милана (мұғалімі Сейтенова Н.С),  «Жазушылар»  номинациясы  бойынша  қатысқан  № 3 Ақкөл орта мектебінің 11- сынып оқушысы Сағынған Диана сынды оқушылар (мұғалімі Валиева А. М.) жақсы қатысты. Осы оқушыларды дайындаған ұстаздарғаеңбектеріңіз жана берсін дегім келеді. Өткен 2 жылда әрбір номинацияда жүлделі орын және медаль алған оқушылармен салыстырғанда нәтижетөмендеген. Бұл - конкурс емес негізінен мемлекеттік тілдегі білім сайысы екендігі, мұғалімдердің  жүйелі түрде  оқушыларды олимпиадаға дайындауы қажет екендігі күн тәртібінен түспейтін мәселе.Нәтижеге жету үшін күнделікті қажырлы еңбек, үлкен дайындыққажет деп білемін

Автор: Ханша Ақтышқанқызы
Просмотров: 2831
Дата создания: 26 Марта 2015 г.
Дата редактирования: 26 Марта 2015 г.
www.egov.kz
Опрос